×

Астананың орталығындағы көше толық жабылады

Жүргізушілер сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс

 Дәурен Ерболат 22.04.2024 | 10:18
Фото: Halyq Uni

Елордада LRT құрылысын жүргізуге байланысты орталықтағы көше толық жабылады, деп хабарлады CTS баспасөз қызметі.

LRT құрылысына байланысты қаланың орталығындағы Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі.

Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша, биыл 24 сәуірден 30 қарашаға дейін Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс толық жабылады. Онда «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыс жүргізіледі. Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады, - деп жазылған хабарламада.

Астана қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама