×

Штутгарт турнирі: Президент Елена Рыбакинаны құттықтады

Бұл — үлкен жетістік

 Халық үні 21.04.2024 | 19:42
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады

Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!, - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама