×

Қазақстан соты Қытайдың ІТ-инновациялар тәжірибесімен танысты

Жоғарғы сот төрағасы Қытайға ресми сапармен барды

 Ая Өміртай 21.04.2024 | 12:40
фото: ҚР Жоғарғы соты

Жоғарғы cот төрағасы А. Мерғалиев өзінің әріптесі, ҚХР Жоғарғы халықтық сотының төрағасы Чжан Цэюньның шақыруымен Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлады Halyq Uni.

Қазақстандық делегация құрамында Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Манат Көміршінов, ҚР Сот әкімшілігінің цифрландыру және халықаралық байланыстар бөлімдерінің меңгерушілері Шәкір Шаяхметов пен Нұржан Молдақов болды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай сот билігінің басшылары әріптестік және өзара қарым-қатынастың қол жеткізген нәтижелерін жоғары бағалады. А. Мерғалиев мемлекет басшысының Қазақстанның сот жүйесін реформалаудағы тапсырмаларын іске асыру бойынша жетістіктерімен бөлісті және цифрлық инновациялар саласындағы Қытайдың озық тәжірибесімен терең танысуға ниет білдірді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Сапарда сот төрелігін цифрлық түрлендіруге баса назар аударылды. Технологиялық жаңашылдықты сот практикасына енгізуде көшбасшы ретінде танылған Қытай ауқымды зерттеуге қызығушылық тудырады.

Тараптар осы саланы одан әрі дамытуға, сот төрелігінің ілгерілеуіне ықпал ететін перспективалық идеялар мен шешімдермен бөлісуге дайындығын және ниетті екендіктерін білдірді.

Қазақстан делегациясы Қытайдың жетекші соттарына және Бейжің Интернет-соты мен Шанхай Жоғары халықтық сотына барды. Бұл сот төрелігі жұмысында ІТ-инновацияларды қолдануды іс жүзінде көруге мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама