×

«Домбыраны да Қытайдан алып отырмыз». Сүлейменова қолөнер мәселесін көтерді

Елімізде қанша қолөнерші барын білу маңызды

 Дәурен Ерболат 19.04.2024 | 17:50
фото: narisyu.com

Қазір домбыраны да Қытайдан сатып алып отырмыз. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутат бүгінде қолөнершілер аз екенін жеткізді.

Сондықтан олардың да статистикасы керек. Мысалы, елімізде қамшы өретін қанша адам бар? Домбыра жасайтын қанша адам бар? Жақында «Білім және мәдениет» туралы заңды талқылағанда бізге Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі домбыраны Қытайдан сатып алатынымызды айтты. Бұған жаның ауырады, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ол Қазақстандағы қолөнершілердің нақты санын білуді ұсынды. 

Қанша адам домбыра, қанша адам қобыз, қанша адам ертоқым жасайды? Қаншасы қамшы өреді? Қанша адам сабын қайнатады?  Мұның бәрі – ата дәстүріміз ғой. Мұның бәрін білуіміз керек. Осындай мәліметтер қажет.

Өйткені рухани, идеологиялық бағдарламаларды көтереміз. Алайда оның түбінде нақты статистика тұрса, жақсы болады», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама