×

Елорда көшелерін де су басып жатыр (ВИДЕО)

Су полигоннан келген

 Дәурен Ерболат 19.04.2024 | 09:05
Скрин видео

Астанада қар еріп, Ұлы дала даңғылын су басты, деп хабарлады ТЖМ.

Елордада полигонда жиналған қар еріп, Ұлы дала даңғылын су басу дерегі тіркелді. Су сору жұмысына ТЖД және жергілікті атқарушы органның күші жұмылдырылды. Онда 110 өрт-сорғы станциясы және 7 мотопомпа жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде су тасқынынан Қазақстан бойынша 118 мың 116 адам, оның ішінде 44 241 бала эвакуацияланды. 19 656 адам өз үйіне оралды. 113 852 бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

Қазір эвакуациялау пункттерінде 8 850 адам, оның ішінде 3 948 бала бар.

Сондай-ақ 4 274 тұрғын үй мен 2 719 ауладан су бұрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама