×

Президент ТЖМ қызметкерлеріне естелік сыйлықтар табыстады

Мемлекет басшысы табиғи апатқа қарсы күреске тартылған барлық азаматқа алғысын білдірді

 Динара Амантай 16.04.2024 | 16:35
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы құтқарушылармен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СҚО-ға жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жүрген құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен жүздесті.

Президент төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының ауызбіршілігін ерекше атап өтіп, табиғи апатқа қарсы күреске тартылған барлық азаматқа алғысын білдірді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы ТЖМ-ның 15 қызметкеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама