×

Аргентина - «Финалиссима» ойынының жеңімпазы!

Оңтүстік Американың командасы екінші мәрте кубоктың иегері атанды

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2022 | 09:55
фото: rsport.ria.ru

Англияның Лондон қаласында араға 29 жыл салып, футболдан Еуропа мен Оңтүстік Америка құрлықтарының чемпиондары «Финалиссима» ойынында кездесті. Бұл матчта Аргентина  Италия командасын 3:0 есебімен ұтты. Ойында Лаугаро Мартинес, Анхель Ди Мария мен Пауло Дибала теңділ допты торға тоғытты. Осылайша аргентиналықтар 29 жылдан кейін кубокты басынан асырып, төбесіне көтерді. Ал Аргентина құрамасының капитаны, Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды.

«Финалиссима» кубогы үшін ойын алғаш рет 1985 жылы болды. Ол кезде Артемио Франки кубогы деп аталды. Сол жылы Оңтүстік Америка кубогының иегері Уругвай мен Еуропа чемпионы Франция құрама командалары кездескен болатын. Бұл матчта қарт құрлықтың үздік жасағы америкалықтарды 2:0 есебімен жеңген еді.

«Финалиссима» кубогының екінші ойынында 1993 жылы Аргентина мен Дания құрамалары кездесті. Онда матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында аргентиналықтар 5:4 есебімен ұтты.

Тағы бір айтатын нәрсе, Италия командасы 10 жылда бір рет 1 маусым күні қарсыластарынан 0:3 есебімен жеңіледі екен. Бұған дейін 2012 жылы Аппенин түбегінің теңбіл доп шеберлері Ресеймен кездесіп, қақпаларына жауапсыз үш доп жіберіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама