×

Абай облысында мектеп есепшісі ақша жымқырған

Іс материалдары экономикалық тергеу қызметіне жолданды

 Динара Амантай 16.04.2024 | 11:56
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, 2,8 млн теңгені жеке шотына аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігі 3-тармағы («Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, материалдарын экономикалық тергеу қызметіне жолдады, – делінген хабарламада.

Қазір бұрынғы есепші заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама