×

Күрестен АЧ: Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдегер атанды

Қазақстан балуаны Иран спортшысынан былтырғы Азия чемпионатының финалында да жеңілген болатын

 Дастан Жұмабекұлы 16.04.2024 | 11:09
Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Қырғызстанның Бішкек қаласында аяқталған Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 87 келі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадеден жеңіліп қалды. 

Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Тұрсынов белдесуде бірде-бір ұпай ала алмады. Иран балуаны оны 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында кездескен болатын. Сол кезде де АлизадеТұрсыновты 8:0 есебімен жеңген еді. Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күміс медалін иеленіп отыр. 

Кеше «классиктер» екі медаль иеленді. 63 келідегі Ержет  Жарлықасын чемпион атанса, 77 келідегі Ибрагим Магомадов қола медальға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама