×

Астанада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 2 млн теңгеден төленеді

Қазір қалада 7 майдангер тұрады

 Дастан Жұмабекұлы 15.04.2024 | 16:05
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы 2 есе көбейді. Осылайша, ҰОС ардагерлері 2 млн теңгеден алады. Бүгінде елордада соғысқа қатысқан 7 ардагер тұрады.

Сонымен қатар, төлемдерді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) (ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған адамдар және олардың балалары, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты) - 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде алады.

Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы действий қимылдарының ардагерлерінен басқа) (Тәжік-Ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында міндеттерді орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуде – 45 АЕК (166 140 теңге).

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде алады.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылған депутаттары кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 млн теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдаған болатын.

Қазір Алматыда Ұлы Отан соғысына қатысқан 44 ардагер тұрып жатыр.

Жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама