×

Солтүстік Қазақстан облысында азаматтар шұғыл түрде көшіріліп жатыр

Су тасқыны басталғаннан бері 10 345 адам, оның ішінде 2 328 бала құтқарылды

 Дастан Жұмабекұлы 15.04.2024 | 14:34
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысында азаматтар шұғыл түрде көшіріліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Су тасқыны басталғаннан бері облыста 10 345 адам, оның ішінде 2 328 бала алдын ала құтқарылып, эвакуацияланды.

Өңір тұрғындары Қостанай облысына көшіріліп жатыр. Осы мақсатта жедел-құтқару жасағы тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысынан халықты эвакуациялау жұмыстарымен айналысуда.

Сонымен қатар, Петропавл қаласында Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар күшейтілді. Апаттық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын сору, қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу, жағалауды нығайту, арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір өңірде судың әлі де үйлерді басу қаупі  бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама