×

Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандар ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тергеулер жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 15.04.2024 | 09:42
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пункттерін айналып өтпек болған 17 шетел азаматын ұстады, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері олардың шекарадан өту құқығына шектеулердің қойылуымен байланысты болып отыр. Сотқа дейінгі тергеп-текесерулер жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама