×

Бүгін су тасқынының екінші толқыны қаупі бар

«Қазгидромет» ескерту жариялады

 Ербол Тұрымбет 14.04.2024 | 17:11
фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, су тасып жатқан өңірлерде тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін.

Олар:

  • Есіл өзеніне Ақмола облысы аумағындағы салалардан (Жабай, Қалқұтан және т.б.) су құйылуы себебінен СҚО аумағында;
  • Ресей Федерациясының аумағынан Жайық өзеніне су құйылуы себебінен БҚО аумағында;
  • БҚО аумағынан Жайық өзеніне су құйылуы себебінен Атырау облысы аумағында;
  • ШҚО аумағында орналасқан тау өзендерінде су тасқыны кезеңі «дәстүрлі» түрде жартылай толу кезеңінен кейін өтеді.

Қазір Ақмола облысы аумағында Есіл өзенінің кейбір саласында су тасқыны шегіне жетті. Бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама