×

Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жарысты 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады

 Дастан Жұмабекұлы 12.04.2024 | 18:49
Фото: kazsports.kz

Олимпиада лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстанның астанасы - Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды.

Ұлттық құрама көшбасшысы финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбекстандық Джабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.

Бұл –  Азамат Дәулетбековтің  сары құрлық чемпионатындағы қатарынан үшінші алтын жүлдесі. Сонымен қатар ол 2017 жылы Үндістанның Дели қаласында күміс медальді, 2018 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Күндізгі сессияда қазақ балуаны ирандық спортшы Хади Вайаейпураны ұпай санымен, одан кейін жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді 11:0 есебімен таза жеңді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама