×

Алматыда 400-ден астам ата-ана алимент төлеуден жалтарып жүр

Биыл 5 мыңнан астам баланың пайдасына 1,4 млрд теңге алимент өндіріп алынды

 Халық үні 16.11.2021 | 15:36
көрнекі фото: volkanguven.av

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен алқа отырысын өткізді. Алқа отырысында 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы қаралды.

Биыл қадағалау органының үйлестіруімен сот орындаушылары 5 мыңнан астам баланың пайдасына 1,4 млрд теңге алимент өндіріп алды. Жұмыссыздар үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 90 адам жұмысқа орналастырылды.

Қалада 400-ден астам ата-ана сот орындаушыларынан жасырынып, балаларын асыраудан жалтаруда. Оларды анықтау үшін «Борышкер» рейдтері жүргізілді, 4 автокөлік айыппұл тұрағына айдап әкелініп, оларды іске асыру мәселесі шешілуде. 

Қасақана төлемеушілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда. 20-дан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олар бойынша 2 тұлға сотталды, 70-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мысалы, Алатау ауданының прокуратурасы қасақана жұмысқа орналаспаған және үш айдан астам уақыт бойы екі жас баланы күтіп-бағу шығындарын төлемеген азамат Т. есімді тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Сот үкімімен ол мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама