×

Жетісу облысында 170 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Уәкілетті орган жер заңнамасын бұзған

 Динара Амантай 12.04.2024 | 09:44
Фото: gov.kz

Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 гектар болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.

Өткен кезеңде мемлекетке құны 500 млн теңгеден астам 53 мың гектар жер қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама