×

Мейрамбек Қартбай – еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері!

Бұл – балуанның құрлық додасындағы алғашқы медалі

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2024 | 17:12
Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен 57 келі салмақта күш сынасқан Мейрамбек Қартбай қола медальге ие болды.

Ол Азия чемпионатына екінші рет қатысып, алғаш рет медаль жеңіп алды. Балуан бірінші рет Азия чемпионатына 2019 жылы қатысқан болатын. Сол кезде Қытайда өткен құрлық чемпионатында ол  9-орыннан көрінген еді. Ал биылғы Азия додасында Мейрамбек Қартбай жартылай финалға шығып, Жапонияның балуаны Кенто Юмимадан 2:4 есебімен жеңілді. Оның алдында ширек финалдық белдесуде өзбек балуаны Нодирбек Жуманазаровтан басым түсті.

Қола медаль үшін белдесуде Қытай балуаны Вейю Лиден 7:2 есебімен айласын асырды.

Мейрамбек Қартбай – Ақтөбе күрес мектебінің түлегі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама