×

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр

Күн сайын әр ауданда санитарлық жұмыстарға 200-300 жұмысшы мен ондаған техника тартылады

 Динара Амантай 10.04.2024 | 16:30
Фото: Шымкент қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерде «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Осыған байланысты Шымкент қаласы көгалдандыру жұмыстарын бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы акция аясында Шымкент қаласының бірқатар көшелерінде көгалдандыру және жинау, ағаштарды күту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері мен экология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру, аумақты тазарту және жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн сайын әр ауданда санитарлық жұмыстарға 200-300 жұмысшы мен ондаған техника тартылады. Акция аясында коммуналдық мекемелер аялдамаларды жуу, ескерткіштерді тазалау, ағаштарды әктеу, қопсыту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін алдағы бес аптаға арналған іс-шаралар жоспарын пысықтап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Акция аясында бес апта ішінде қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйым мен кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайтын болады. Әр апта «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сияқты белгілі бір тақырыптарға арналды. Оның аясында сәулет-мәдени нысандар, субұрқақтар, демалыс аймақтары жиналады.

Қала әкімдігінің жоспары бойынша, 2025 жылға қарай Шымкентте 23 саябақ пен 4 саябақ салу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама