×

Елімізде су тасқынынан 32 мың бала құтқарылды

8 миллион текше метрден астам қар суы сорылған

 Дәурен Ерболат 11.04.2024 | 10:30
фото: Halyq Uni

8 өңірде жағдай күрделі 

Қазақстанда су тасқынынан жалпы 97 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

11 сәуір сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, Азаматтық қорғау қызметі су тасқынынан 97 мыңнан аса адамды эвакуациялады. Оның 32 мыңнан астамы – бала. Бүгінде уақытша орналастыру пунктерінде 7 173 адам бар. Оның 3 494 мыңы – бала, - деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен брифингте.

ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 миллион текше метрден астам қар суы сорылып, 1 млн 400 мыңнан аса қапшық, 1 млн 100 тонна инертті материал төселген.

«Апаттық-құтқару жұмыстарына 27 мыңнан аса адам мен 3 мыңға жуық техника, 15 әуе кемесі жұмылдырылды. Еліміздің 8 өңірінде (Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары) жергілікті деңгейдегі 29 төтенше жағдай жарияланды», - деді аға офицер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама