×

Қостанай облысында полицейлерге бағынбаған жүргізуші қамауға алынды

Ауданда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланған

 Динара Амантай 10.04.2024 | 10:13
Фото: видеодан скриншот

Қостанай облысында полицияның заңды талабына бағынбаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше түскі уақытта Октябрьское ауылында Ақмола облысында болған 600 метрлік су тасқынына байланысты орнатылған бақылау бекетінен 2 Mitsubishi көлігінің жүргізушілері өтпек болған. Жүргізушілердің бірі полицейлердің заңды талабын елемей, қызметтік көлікті соқпақ болды. Заңды талапқа бағынбағаны үшін сот оған 5 күн қамауға алу жазасын тағайындады.

Айта кетсек, 5 сәуірден бастап осы ауданда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланып, көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылған.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды қабылданған шешімдерді ұстануға және құқық қорғау органдары мен құтқарушылардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама