×

Ақтөбеде интернет казино ұйымдастырушыларының ісі сотқа жолданды

Тартылған қаражаттың жалпы көлемі – 375 млн теңге

 Динара Амантай 09.04.2024 | 16:38
Фото: Ақтөбе обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Онлайн казино ойыншыларынан тартылған қаражаттың жалпы көлемі – 375 млн теңге.

Анықталғандай, онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болды. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлік бұғатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама