×

Қарағандыда ХҚКО қызметкерлері шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам заңсыз рұқсат берген

Көші-қон ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

 Динара Амантай 09.04.2024 | 15:28
Фото: gov.kz

Қарағанды облысының прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қылмыстық схемаға Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекемелердің қызметкерлері және «көмекшілер» деп аталатын адамдар кірген. Ақшалай сыйақылар үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсат заңсыз берілген.

Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген.

Сонымен қатар, 2 электрондық-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, eQonaq ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарлама беру үшін пайдаланылған. Мұның бәрі электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған.

Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама