×

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады

Министрлік нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр

 Динара Амантай 09.04.2024 | 13:15
Фото: Halyq Uni

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын мүгедектігі бар азаматтарға 2024 жылғы II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс мына қызметтер автоматты түрде ұзартылатын болады:

  • мүгедектік мерзімдері;
  • жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі;
  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі;
  • оңалтудың жеке бағдарламалары.

Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша іске асырылады.

Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр.

Автоматты түрде ұзарту су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдауды уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама