×

Бокстан спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды

Бүгін QAZSPORT телеарнасы сағат 16:00-де спаррингтік іріктеу жекпе-жектерін көрсетеді

 Дастан Жұмабекұлы 08.04.2024 | 11:09
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежісінде 5 боксшы сынға түседі. Олар – Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов пен Жандос Қыдырәлиев. 

Дулат Бекбауов Серік Теміржановпен, Ертуған Зейнуллинов Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен қолғап түйістіреді. Ал Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды. 

Айта кетсек, Бекбауов 67 келіде, Теміржанов 57 келіде әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері атанған. 

Қыздар арасындағы жеребе бойынша 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.

54 келіде Балауса Мұздыман мен Жайна Шекербекова, Элина Базарова мен Ұлжан Сәрсенбек, Дина Жоламан мен Сымбат Әлиасқар, Сания Сұлтанқызы мен Анель Сақыш жұдырықтасады.

66 келіде Дариға Шәкімова мен Наталья Богданова шығып, ал Милана Сафронова осы екеуінің жекпе-жегінде жеңген боксшымен қолғап түйістіреді.

Лаура Есенкелді Жасмин Қизатовамен күш сынасады.

75 келіде Жібек Жарасқызы мен Гүлсая Ержан жұдырықтасып, Валентина Хальзова осы екеуінің жекпе-жегінде жеңген спортшымен бақ сынайды.

Жеребе тарту рәсімі спаррингтік жекпе-жектерде сынға түсетін әр боксшының жеке жаттықтырушыларының қатысуымен соқыр жеребе тәртібінде ашық түрде өтті. Оның тікелей трансляциясы Қазақстан бокс федерациясының Youtube-арнасында көрсетілді.

Бүгін QAZSPORT телеарнасы сағат 16:00-де спаррингтік іріктеу жекпе-жектерін тікелей эфирден көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама