×

Гимнастшы Ілияс Азизов Challenge Cup турнирінің жеңімпазы атанды

Ұлттық құрама спортшысы ат снарядындағы жаттығуда 14.600 балл жинады

 Дастан Жұмабекұлы 08.04.2024 | 10:00
Фото: kazsports.kz

Ілияс Азизов спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жеңіске жетті.

Ұлттық құрама спортшысы ат снарядындағы жаттығуда 14.600 балл жинап, алтын жүлдені жеңіп алды.

Ол бір күн бұрын осы бағдарламаның іріктеуінде де ең көп ұпай жинады (14.650). Бұл – Азизовтың осы турнирдегі екінші жүлдесі. Оған дейін ол еркін жаттығуда күміс медаль алған.

Ат снарядында күміс медальді Олимпиада (2008) және әлем чемпионатының (2014) күміс жүлдегері Филип Уде (Хорватия) ие болды. Ол 14.300 ұпай жинады. Үздік үштікті тағы бір хорват гимнастшысы Марко Самболек (14.000 балл) түйіндеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама