×

Түркия Қазақстанға көмек қолын созуға дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз

 Халық үні 07.04.2024 | 20:50
фото: akorda.kz

Түркия елімізге кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Түркия СІМ ресми сайты хабарлады.

Біз Қазақстанның бірнеше өңіріндегі жойқын су тасқынына қатты қайғырып отырмыз, бұл жағдайдан біздің ондаған мың бауырымыз эвакуациялануға мәжбүр болды, сондай-ақ елеулі залал келді.

Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан болған кез келген ауыртпалықты көтеруге дайын, - делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама