×

Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғындары эвакуацияланды

5 сәуірден бастап жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды

 Халық үні 06.04.2024 | 22:28
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысының Қарасу ауданында 200 жуық ауыл тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 сәуірден бастап жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды. Су тасқынының салдарын жоюға бағытталған жұмыстар қарқын алды.

«Барлық қызметтердің алдындағы басты міндет - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету! Полиция су басқан аумақтардағы ахуалды және тұрғындар мүлкінің сақталуын бақылауда ұстап отыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама