×

Президент су тасқынына байланысты көрсеткен көмегі үшін Қырғызстан халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

 Динара Амантай 06.04.2024 | 13:23
Фото: nalogikz.kz

Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз қарым-қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. 

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Қырғызстан президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама