×

Алматы облысында шетелдіктер есірткі зертханасын ұйымдастырған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 06.04.2024 | 12:45
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, осы құқықбұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталған. Тінту барысында 20 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен «синтетика» жасауға арналған жабдықтар алынды. Табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама