×

Су тасқыны: президент қазақстандықтарға үндеу жасайды

 Айнұр Шошаева 06.04.2024 | 12:28
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан Президенті Қасым–Жомарт Тоқаев ел өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына байланысты үндеу жасайды, деп хабарлайды Halyq Uni

Бұл туралы Президенттің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайды.  Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі, – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама