×

Қостанай облысында бір ауыл түгел қауіпсіз жерге көшірілді

Қарамырза кентінің 90-нан аса тұрғыны эвакуацияланды

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2024 | 13:29
Фото: https://t.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысында бір ауыл түгел қауіпсіз жерге көшірілді. Нақтырақ айтқанда, облыстың  полицейлері құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында балалар, әйелдер және мүгедектер бар.

Ауылдың 90-нан аса тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ. Өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шықты, – деп хабарлады polisia.kz.

Қарасу ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған.

Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама