×

OLX арқылы астаналықтарды алдаған күдікті ұсталды

Ол жәбірленушілерден 2 млн теңге алып, ізін суытқан

 Дәурен Ерболат 05.04.2024 | 10:56
Фото: Halyq Uni

Астанада полиция OLX сайты арқылы тұрғындарды алдаған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Сарыарқа аудандық полиция бөліміне елордалық тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу OLX сайтында жиһаз жасап беретінін айтып, жарнама қалдырған.

Содан күдікті жәбірленушінің ас үй бөлмесіне жиһаз жасау үшін өлшем алып, 1 млн теңгеден аса қаражатты иемденген. Кейін ол байланысқа шықпай қойған.

Полиция істі тергеу барысында Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Күдіктінің тағы бір тұрғынды алдағаны белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын – 2 млн теңге. Зардап шеккен екінші адам да ақшаны алдын ала белген.

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама