×

Теміртауда тұрғынға оқ атқан күдіктілер ұсталды

Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.04.2024 | 09:22
Фото: видеодан скриншот

Теміртау тұрғынын жарақаттаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қару қолдану арқылы бұзақылық жасаған 27-31 жас аралығындағы 3 адам ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Тергеу құпиялылығына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама