×

Ресейде «Крокуста» болған терактіге қатысы бар тағы үш адам ұсталды

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері «Крокус сити холдағы» терактіге қатысы бар деген күдікпен Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларынан үш адамды ұстады.

 Халық үні 04.04.2024 | 22:50
Фото: dzen.ru

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері «Крокус сити холдағы» терактіге қатысы бар деген күдікпен Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларынан үш адамды ұстады. Бұл туралы РБК хабарлады.

«Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларында Ресей азаматы мен екі шетелдік азамат ұсталды, олардың барлығы – 2024 жылы 22 наурызда «Крокус сити холл» кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке қатысы бар Орталық Азиядан келген иммигранттар», - делінген ведомство хабарламасында.

 Басылымның хабарлауынша, күдіктілер Мәскеуде, Екатеринбургте және Омбыда ұсталған.

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы «Крокус Сити Холл» ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде «Пикник» тобының концерті өтуі керек еді.

Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметі «Крокус-Сити Холлдағы» терактіге тікелей қатысы бар деген күдікпен 10 адамды ұстаған болатын.

 24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша «Крокус-Сити Холдағы» лаңкестік әрекеттің салдарынан 145 адам көз жұмған, оның алтауы бала.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама