×

Қарағандылық құтқарушылар 58 шетелдік жолаушыны эвакуациялады

Олардың бәрі Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 04.04.2024 | 14:48
Фото: tengrinews.kz

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында «Қызылорда-Павлодар» бағытындағы жолдың 987-шақырымында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сынып қалған автобустан 58 адамды эвакуациялады.

Олардың бәрі Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Шетелдіктер Құрма ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Қарағанды облысының құтқарушылары жолда қалған адамдарды ғана емес, елікті де судан шығарып, қауіпсіз жерге шығарды.

Облыстың жедел құтқару жасағының құтқарушылары бүгін Нұра ауданының Нұра мен Құндызды өзендеріне мониторинг жүргізіп жатқанда, алыс жердегі судың ортасында қалып қойған әлсіз елікті байқаған. Құтқарушылар қайықпен жүзіп барып, елікті резеңке қайыққа көтеріп, алып шыққан. Содан кейін елік қауіпсіз жерге жеткізіліп, босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама