×

Тараз әкімдігі 75 млн теңгені мердігерге негізсіз аударған

Тергеп-тексеру Антикордың аймақтық департаментіне тапсырылды

 Динара Амантай 04.04.2024 | 10:27
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджет қаражатын төлеу дерегін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижесінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады.

Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») қылмыстық істі тіркеді. Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама