×

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 01.04.2024 | 15:03
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлихан Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген.

Білімі:

  • 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 1996 жылы Президент жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

  • 1993-1995 жылдары – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы;
  • 1995-1996 жылдары – Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;
  • 1996 жылы – Президент жанындағы жоғары экономикалық кеңесте тәлімгер;
  • 1996 жылдың тамызы-1998 жылдың наурызы – Ұлттық статистика агенттігі басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;
  • 1998 жылдың наурыз-сәуірі – статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 1998-1999 жылдары – Президент әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор;
  • 1999 жылдың тамыз-қарашасы – Президент әкімшілігінде ұйымдастырушылық-қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 1999 жылдың қарашасы-2003 жылдың ақпаны – Статиститка агенттігінің төрағасы;
  • 2003 жылы – Сыртқы істер вице-министрі;
  • 2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы;
  • 2006 жылдың ақпаны-2007 жылдың қаңтары – Қаржы вице-министрі;
  • 2007 жылдың қаңтары-2008 жылдың қарашасы – «Қазагро» Ұлттық холдинг» АҚ президенті;
  • 2008 жылдың 21 қарашасы-2009 жылдың 27 қазаны – Қаржы вице-министрі;
  • 2009 жылдың 27 қазаны-2014 жылдың 13 тамызы – Статистика агенттігінің төрағасы;
  • 2014 жылдың 13 тамызы-2015 жылдың 11 желтоқсаны – Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы;
  • 2015 жылдың 11 желтоқсаны-2018 жылдың 18 қыркүйегі – Президент көмекшісі;
  • 2018 жылдың 18 қыркүйегі-2019 жылдың 25 ақпаны – Қаржы министрі;
  • 2019 жылдың 25 ақпанынан – премьер-министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
  • 2022 жылғы 5 қаңтарда премьер-министрдің міндеттері уақытша жүктелді.
  • 2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне тағайындауға дауыс берді.
  • 2023 жылғы 30 наурызда премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды.
  • 2024 жылы 5 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Әлихан Смайылов премьер-министр қызметінен кетті.

Басқа қызметтері:

  • 2006-2007 жж. – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2006-2007 жж. – «Самұрық» Холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2006 жылы желтоқсанна бастап – «ҚазАгро» ұлттық холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2007-2008 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», «Қазагромаркетинг», «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2009 жылдың қаңтарынан – халықаралық қаржы қауымдастықтарымен өзара әрекет ету комиссиясының мүшесі; 
  • 2009 жылдың наурызынан – Басқарушы кеңестердегі Қазақстан Республикасы басқарушы өкілдерінің орынбасары;
  • 2015 жылдың желтоқсанына бастап – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2016 жылдың маусымынан – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі; 
  • 2016 жылдың ақпанынан – Президенттің ҚР Ұлттық банкті басқарудағы өкілі;
  • 2016 жылдың мамыры – «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі жанындағы түрлендіру бағдарламасын іске асыруды бақылау жөніндегі комитеттің мүшесі;
  • 2019 жылдың наурызынан – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі; 
  • 2019 жылдың 18 сәуірінен – Қазақстанның Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі мүшесі;
  • 2019 жылдың 19 сәуірінен – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» директорлар кеңесінің төрағасы.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Астанаға – 10 жыл» медальдары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама