×

«Таңғы 5-те әкесінің үйінен шығып кеткен»: Павлодарда әйел із-түзсіз жоғалып кетті

Алайда ол ешбір камераға түспеген  

 Халық үні 29.03.2024 | 23:50
Фото: Константин Шелков

Павлодарда әйел жоғалып кетті. Алайда ол ешбір камераға түспеген, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Vita ұйымына әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен. 

«Ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірістік. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады", – деп хабарлады ұйым. 

Алайда ол ешбір камераға түспеген.  

«Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (WhatsApp)", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама