×

Qazaq Culture жаңа сайты іске қосылды

Портал БҰҰ-ның 6 ресми тілінде әрі қазақ, түрік тілдерінде хабар таратады

 Динара Амантай 29.03.2024 | 17:22
Фото: facebook.com/Aida Balayeva

Қазақстанда Qazaq Culture жаңа сайты іске қосылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, ақпараттық-танымдық портал Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен елдің мәдени мұрасын насихаттау мақсатында құрылған.

Сөз жоқ, Qazaq Culture сайтын ашу – Қазақстанның мәдени мұрасы мен сан түрлі ерекшелігін, ұлттық брендін әлемге танытуда жасалған маңызды қадам. Ел ішінде де, алыс-жақын шет елдерде де мәдени құндылықтарды насихаттау – мемлекет басшысының ведомство алдына қойған басты міндеттерінің бірі, – деп жазды Аида Балаева.

Портал 8 тілде, оның ішінде БҰҰ-ның 6 ресми тілінде және қазақ, түрік тілдерінде хабар таратады. Бұл адамның ұлтына, тіліне, тұратын жеріне қарамастан, музей, кітапхана, театр, ұлттық кино және музыканың алтын қорымен, көрмелермен, еліміздегі музей-қорықтарымен терең танысуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сайт пайданушылары театр қойылымдары, қазақстандық киноиндустрия, кітапханалар, мұрағаттар, туристік орындар, қолөнер шеберханалары, Қазақстанның сәулет өнеріндегі жетістіктері туралы кеңінен ақпарат ала алады.

Порталда ақпараттық технологияларға да ерекше назар аударылды.

Qazaq Culture көрерменге виртуалды 3D-тур арқылы Қазақстанның өңірлері мен олардың көрікті жерлерін зерттеуге жол ашады. Ал жасанды интеллектің көмегімен сайттың әрбір қонағы фотосуретін жүктеп, өзін батыр немесе Ұлы дала жауынгері бейнесінде көре алады.

Сайт жұмысына сәттілік тілеймін! Мұнда әркім өзіне пайдалы әрі қызықты ақпаратты таба алатынына сенімдімін», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама