×

Олимпиада-2024: Ангелина Лукас ұлттық құрамаға іріктеуден өтеді

Жаттықтырушылар командаға боксшыларды таңдайды

 Дастан Жұмабекұлы 29.03.2024 | 11:21
Фото: facebook.com/prosportsqazaqstan

Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар құрамы сәуірдің 8-10 аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылардың құрамын бекітті.

Спаррингтік жекпе-жектердің қорытындысы бойынша жаттықтырушылар құрамы Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды.

Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенконың қолы әлі жазылған жоқ. Сондықтан жаттықтырушылар Волосенко мен оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны кейінірек өтетін оқу-жаттығу жиынында белгілі болады.

50 келі:
Назым Қызайбай (1993)
Алуа Балқыбекова (1996)

54 келі:
Анель Сақыш (2000)
Жайна Шекербекова (1989)
Ангелина Лукас (1997)
Балауса Мұздыман (1997)
Элина Базарова (2004)
Ұлжан Сәрсенбек (2005)
Сымбат Әлиасқар (2004)

66 келі:
Жасмин Қизатова (2002)
Лаура Есенкелді (2000)
Наталья Богданова (1999)
Дариға Шәкімова (1988)

75 келі:
Гүлсая Ержан (2001)
Валентина Хальзова (1996)
Жібек Жарасқызы (2003).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама