×

Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысатын боксшы анықталады

Бұл жекпе-жектер 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында болады

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2024 | 13:30
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстан бокс федерациясы биыл Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиадының іріктеу ойындарына 63,5 келі салмақ дәрежесінде қатысатын боксшыны анықтау үшін бірнеше үміткер арасында спарринг өткізетін болып шешті.

Бұл жекпе-жектер 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында болады. Оған Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Жандос Қыдыралиев пен Төрехан Сабырхан қатысады.

Салмақ өлшеу күнде сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін болады. Жарыс күнде сағат 16:00-де басталады.

Олимпиадаға іріктеу турнирі Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама