×

Арқалыққа қарасты ауылдарда төтенше жағдай жарияланды

Шығынның бәрі заң аясында есептеледі. Бәрі орнына келеді, - деді қала әкімінің орынбасары

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2024 | 13:03
Фото: WhatsApp

Бүгін Қостанай облысы Арқалық қаласына қарасты ауылдарда төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше жағдайда Екідің, Қызыл жұлдыз бен басқа да су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың тұрғындары мен қыстақтардағы адамдарға көмек беріледі. Бұзылған үйге, қырылған мал, басқа да жоғалған дүние бағаланады.

Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Тәшімовтың айтуынша, ауыл азаматтарына көмек Қостанай облысының әкімдігі мен қала әкімдігінен беріледі. Ең бастысы, ел аман.

Шығынның бәрі заң аясында есептеледі. Бәрі орнына келеді. Қала әкімдігінде қор бар. Көмек алу үшін адам әкімдікке өтініш жазу керек, – деді ол.

Су тасқынынан зардап шеккен Қызыл жұлдыз ауылының тұрғыны Бекзат Ералының айтуынша, қазір халық Арқалық қаласының әкімдігіне жиналып, көмекке өтініш жазып жатыр.

Адам көп, кезек. Адам басына ақшалай көмек береді екен, – деді ол.

Бұл көмек зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына қала әкімдігінің қорынан беріліп жатыр.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Қостанай облысы бойынша 434 адам су тасқынынан аман қалды. Оның ішінде Арқалық қаласында 307 адам, Амангелді ауданында 37, Жангелдин ауданында 90 адам құтқарылды.

ұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысының Арқалық қаласына қарасты Қызыл жұлдыз ауылы мен қыстақтардан халық түгел көшірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама