×

Ел аман. Халық қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр – Арқалық қаласы әкімінің орынбасары

Ауылдарға техника жіберілді

 Дастан Жұмабекұлы 27.03.2024 | 10:45
Фото: instagram.com

Кешеден бері Торғай өңірін су алып жатыр. Арқалық қаласына қарасты Екідің (Сарыторғай), Қайыңды, Қызыл жұлдыз, Әбдіғаппар хан (Қараторғай) ауылдарын, Амангелді ауданының орталығы мен оның басқа да елді мекендерін су басып кетті.

Тасқын Арқалық қаласының шеткі үйлеріне де жеткен. Қазір ауылдарда жағдай өте қиын. Халық әлеуметтік желіде су тасқынын фото мен видеоға түсіріп, көмек сұрап жатыр. Ал бүгін аталған ауылдарда интернет байланысы мүлде үзілді.

Осыған байланысты Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Тәшімовке хабарласып, мән-жайды сұрағанымызда Екідің, Қайыңды, Қызыл жұлдызға техника жіберілгенін, қазір халық қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын айтты.

Екідіңде 22 үйді су алып кетті. Халық аман. Елді су тасқынынан қауіпсіз жерге көшіру үшін тікұшақ жіберілді. Қызылжұлдызға 3 техника кетті. Қайыңдыға да жіберілді. Мал шығыны жөнінде ақпарат жиналып жатыр, – деді ол.

Әзірше қала әкімдігінің бізге берген ақпараты осы. Әкімінің орынбасары толық ақпаратты баспасөз релизі түрінде кешірек береміз деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама