×

Арықтар мен нөсер ағындарына қоқыс тастаған алматылықтарға айыппұл салынады

Коммуналдық қызметтердің күшімен 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды

 Динара Амантай 28.03.2024 | 09:23
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Арықтар мен нөсер ағындарын қоқыспен бітеп тастаған алматылықтарға айыппұл салынады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 28-30 наурыз аралығында Алматыда жауын-шашын күтіледі. Бүгінде қаланың коммуналдық қызметтерінің күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және қоқыс төгілген «ойық жерді» тазалау жұмыстары жүргізілді.

27 наурыздағы жағдай бойынша, 985 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Барлық арық желісі тазаланған. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. 2 мың қап құм дайындалған. Аудандық әкімдіктерде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.

Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұраймыз. ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» бойынша бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қосымша хабарлаймыз. Бұл ескертуге немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама