×

Олимпиада-2024: Қазақстан 31 жолдама алды

Данил Мұсабаев батуттық гимнастикадан лицензия иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 26.03.2024 | 09:44
Фото: Тұрар Қазанғапов

Батуттық гимнастикадан Әлем кубогы бесінші кезеңінің қорытындысы бойынша Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

25 жастағы спортшы былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген болатын.

Бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына алғаш рет Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға ие болған еді.

Қазір Қазақстан спортшыларында Олимпиаданың 31 жолдамасы бар. Данил Мұсабаевқа дейін Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай мен Эльмир Әлімжанов Грузияның Тбилиси қаласында семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде сапты жаттығуы бойынша Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама