×

«Тауға бармаңыздар»: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Блокпосттар қойылды

 Айнұр Шошаева 21.03.2024 | 10:09
фото: yandex.kz

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қар көшкініне байланысты ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni

Алматы тауларында қар көшкіні қаупінің сақталуына байланысты, блокпосттар қойылды.

Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі туралы дабылды ескерту жасады. Жылымықтың әсерінен қатты жауын-шашын түсуіне, сондай-ақ қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін екенін атап өтті, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Қазселденқорғау» мамандары наурыз айында қар көшкінінің ең қауіпті түрі – «сулы қар» көшкіні түсетінін атап өткен.

Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда. Адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында Шымбұлақ ТШК , «Аюсай» бөгетінен жоғары «Визит» орталығы аумағында, «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылған. Осыған байланысты, жоғарыда аталған мерзімдерде тауға бармауларыңызды сұраймыз, - деп мәлімдеді департамент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама