×

Хаменова ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтетіні хабарланды

Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс сотқа жетті

 Айнұр Асылбекқызы 31.05.2022 | 15:02
Бақытгүл Хаменова, фото: sputnik.kz

26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚК-тің 367-бабының 2-бөлігімен сотқа берілген «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жетті.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Б.Хаменова және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты басты сот отырысы 2022 жылдың 14 маусымы сағат 14:45-ке тағайындалғанын хабарлады.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанынан бері тергеу изоляторында отыр. Ол 10 желтоқсанда Атырауда 145 миллион теңгеге Абай ескерткішін дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Жауап алынғаннан кейін оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама