×

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында алғашқы жаттығуын пысықтады

Олар ирландиялық әріптестерімен жараланған адамды эвакуациялау бойынша бірлескен жаттығу өткізді

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2024 | 12:36
Фото: gov.kz/ Қорғаныс министрлігі

Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлер қызметке кірісті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілері БҰҰ миссиясындағы жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл алгоритмімен және базаның инфрақұрылымымен танысып қана қоймай, күнделікті қызметке кірісіп те кетті.

Қазақстандық бітімгерлік ротаның жедел әрекет ету күштері ирландиялық әріптестерімен бірігіп, Голан биіктеріндегі миссия аймағындағы бақылау бекетінен жарақат алғанды эвакуациялау бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама