×

Байқамай тамақ ішіп қойса, ораза бұзыла ма?

Ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек

 Халық үні 20.03.2024 | 07:15
Фото: massaget.kz

Ауыз бекітіп жүрен адам байқамай тамақ ішіп қойса, оразасы бұзыла ма? Бұл сұраққа ҚМДБ мамандары жауап берді.

ҚМДБ мамандары ораза кезінде байқамай тамақ ішу оразаны бұзбайтынын айтады.

Ораза кезінде ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла, – деген. Ал егер оразам бұзылды деген оймен, білместікпен ішіп-жеуін ары қарай жалғастырса, рамазан айынан соң сол күннің қазасын өтейді, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама