×

Алматы әуежайында рейстер үшінші күн қатарынан кешігіп жатыр

Түнеу орындары мен тамақтандыру қызметі өз деңгейінде ұйымдастырылмаған

 Еркеғали Болатұлы 16.03.2024 | 13:15
фото: Азаматтық авиация комитеті

Алматы халықаралық әуежайында үшінші күн қатарынан рейстер кешігіп жатыр.

Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, қазір 16 рейс кешіккен. Ал бұған дейін Көлік министрлігі Алматы әуежайындағы рейстер кестесі 16 наурызда таңғы сағат 4-ке дейін толық қалпына келеді деп уәде берген болатын.

Айта кетсек, 14-15 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты 50-ден астам рейс кешігіп, 7 рейс тоқтатылды. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттерді қайта брондай алады немесе ақшасын қайтара алады.

Жолаушылар тасымалдаушы компаниялардың қызметіне наразы. Айтуларынша, түнеу орындары мен тамақтандыру қызметі өз деңгейінде ұйымдастырылмаған. Тіпті мардымды жауап ала алмай жүрміз дейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама